Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті
Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту инвестициялық жобаларды белсенді іске асырумен қатар жүреді. Алдағы жылдары майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңге сомасына 13 жоба іске асырылады. Астықты терең өңдеу бағытында жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,9 трлн теңгені құрайтын 6 ірі жоба жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңге сомасына 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты енгізіледі.
«Қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 37%-ға асты», - деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің едәуір өсуі ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт көлемін де белсенді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0