Халық аспаптар ансамбілінің негізін қалаушы Маралжан Қазбекқызы дүниеден өтті

Сәуір 8, 2025 - 16:23
Халық аспаптар ансамбілінің негізін қалаушы Маралжан Қазбекқызы дүниеден өтті
Фото: әлеуметтік желі

Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұлағатты ұстаз, “Мәдениет саласының үздігі” Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызы дүниеден өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» желідегі парақшасында жазды. 

"Қадірлі әріптесіміз! Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұлағатты ұстаз, “Мәдениет саласының үздігі” Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады.

Топырағы торқа, жатқан жері жарық, пейіште нұры шалқысын!
Алла алдынан жарылқап, артында қалған ұрпағына ұзақ ғұмыр, сабыр мен саулық берсін", - деп жазды kaztheatre.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow