«Халықтың Ата Заңы»: Жаңа Конституцияны ұлықтайтын Гимн шықты (ВИДЕО)

Наурыз 10, 2026 - 12:51
app_badging Наурыз 10, 2026 - 12:52
chat_bubble  0 visibility  8
«Халықтың Ата Заңы»: Жаңа Конституцияны ұлықтайтын Гимн шықты (ВИДЕО)
Видеодан скрин

Қазақстанда Конституциялық реформа бойынша референдум қарсаңында болашақ Ата Заңды дәріптейтін «Халықтың Ата Заңы» атты салтанатты туынды таныстырылды. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Жаңа саяси науқанның «әнұранына» айналған туындының сөзін Арман Манарбекұлы жазса, әнін Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев және Ренат Гайсин шығарған. Бұл әнді еліміздің ең танымал 11 өнер жұлдызы бірігіп орындап шықты.

Еске сала кетсек, Конституция реформасы бойынша бүкілхалықтық референдум осы жексенбі, 15 наурызда өтеді.

Алайда Заңның өзі ресми түрде қабылданбай жатып, оны ұлықтайтын арнайы гимннің әлдеқашан дайын болуы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Қоғам белсенділері бұл «дайындықтың» саяси астарына қатысты түрлі пікірлер білдіруде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0