«Қызығы кетті ме, жоқ әлде...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанын баяндады, деп жазады Sadaq.kz.
Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Актрисаның айтуынша, қазір көп өзгерістер болып, өмірі басқа арнаға бет бұрған.
"Жаңа жаста орасан зор трансформациядан өтудемін. Себебі, өмірімде де, санамда да, өзімде де айтарлықтай өзгерістер бар. Қысқасы, “жаңару” бағдарламасы іске асуда. Әлеуметтік желінің қызығы кетті ме, жоқ әлде мен біраз кідірдім бе?! Әйтеуір бір үзіліс қажет болды!”,- деп жазды ол.
Бұған дейін ол туған күнінде ерекше образда ел алдына шығып, оқырмандарын таң қалдырған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






