Қызылорда тұрғыны әйелін балталап тастады

Сәуір 22, 2025 - 09:30
Сәуір 22, 2025 - 10:48
Қызылорда тұрғыны әйелін балталап тастады
Фото: Pixabay

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын күйеуі балталап тастаған. Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Astana.tv мәліметі бойынша науқасқа шұғыл көмек көрсету үшін қаладан санавациямен дәрігерлер келіп жеткен. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады.

Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан жәбірленушінің денсаулығына қатысты әзірге дәрігерлер нақты шешім айта алмайтындарын жеткізді.

Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман.

«Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow