Көлік кептелісін азайту үшін: Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды

Қыркүйек 3, 2025 - 15:36
Көлік кептелісін азайту үшін: Астанада кейбір мекемелер 7:30-дан бастап жұмыс істейтін болды

Астанада көлік кептелісін азайту мақсатында 15 қыркүйектен бастап кейбір мекемелердің жұмыс кестесі өзгертілетін болды. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болып отыр. 

Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады, Астана әкімдігінің қызметі – 7:30, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды.

Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі.

Белгілі болғандай, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

«Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, жол қозғалысын қиындататын автокөліктердің тұрақ ережесін бұзуы қатаң бақылауға алынады: құқықбұзушылардың автокөліктері айып тұрағына эвакуацияланады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow