Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ереже қайта қаралатын болды
Депутаттар ережені елдегі әрбір өңірдің климаттық және температуралық жағдайды ескере отырып, қайта әзірлеу бастамасын көтерді.
Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ережеге өзгеріс енуі мүмкін. Ережені қайта қарау жөнінде депутаттар бастама көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәселені шешу үшін арнайы ведоствоаралық комиссия құрылатын болды. Депуттатар көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұл бағасын қайта есептеу керегін талап етіп отыр. Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова депутаттардың шуынан кейін тексеру жұмысы жүргізілетінін айтты.
Кеше, 15 қаңтар күні депутаттар ережені елдегі әрбір өңірдің климаттық және температуралық жағдайды ескере отырып, қайта әзірлеу бастамасын көтерді. Сөздерінше, экологияны қорғау үшін басқа тәсілді қолданған жөн екен.
Айта кетейік, заң нормасы 20 жыл бұрын енгізілген. Алайда көлігін 5 минуттан артық қыздырғанбірде-бір жүргізушіге айыппұл салынған емес.
Депутат Серік Ерубаев -20, -30 градуста көлікті өшіріп қою қисынсыз екенін айтты.
«Немесе аязды күні балаларды мектеп пен бақшадан алғанда балаларды суық көлікке қалай отырғызамыз? Суық өңірлерде машинаны қыздыруға 5 минут жетпейтіні айдан анық», - деді депутат.
Сіздің реакцияңыз қандай?