«Комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамның жағдайын айтты
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр жағдайда ауруханада жатқан Нұржігіттің денсаулығына қатысты жаңа ақпаратпен бөлісті.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, Нұржігіт жол апатынан кейін 24 күн өткен соң комадан шыққан. Қазір ол есін жиып, әйелін, балаларын, аға-інілері мен туған-туыстарын танып отыр.
«Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусин Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда», – деп жазды Бақытжан Базарбек.
Экс-депутат сондай-ақ БАҚ өкілдерінен Нұржігіттің жағдайына қатысты ақпаратты бұрмаламай, шынайы дерекке сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауды сұрады.
«Дұға тілеп, жаудырып жатқан халқым, елім,е рахмет!» – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0