Конаевтағы демалыс базасында 11 жастағы баланы ток соғып, көз жұмды

Қонаев қаласындағы демалыс базасында 11 жастағы бала токқа түсіп, көз жұмды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Қайтыс болған баланың әпкесінің айтуынша, жағажайда сымдар салбырап, ашық тұрған. Айтуынша, база әкімшілігі бұл мәселе туралы бұрыннан хабардар. Бұған дейін де сол жерде сиырлар токқа соғылып, өлген.
«Інімнің баласы барханға ойнауға барған. Бәлкім, салбырап тұрған сымды көрмей қалған шығар, себебі ол аспанмен бірдей болып, байқалмай қалған. Ток ұрып өлтірді. Қорытынды бар. Әжеміздің айқайына жүгіріп келген бір қызды да ток ұрды. Оның денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ініме еңкей деп айғайлап үлгерді. Тағы бір жігітті де ток жеңіл түрде ұрған», – деп жазды баланың туысы.
Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Қонаев әкімдігі оқиға орын алған электр желілерінің жеке меншік иелігінде екенін хабарлады. Қайғылы жағдайдан кейін тіректер жағажайдан алыс жерге ауыстырылды.
«Бұл факті бойынша Конаев қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 3-бөлігі ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету, абайсызда адам өліміне әкелу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






