Қостанайда атасы 12 жастағы қызды бес ай бойы зорлап келген

Өгей немересін «біреуге айтатын болсаң, шешең екеуіңді оңдырмаймын» деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырған.

Мамыр 27, 2024 - 16:47
 0  207
Қостанайда атасы 12 жастағы қызды бес ай бойы зорлап келген
Фото: Istockphoto

Қостанайда 57 жастағы ер адам 12 жасар қыз баланы зорлаған. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының Instagram парақшасында жарияланды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ер адам биыл қаңтар айынан бастап жасөспірім қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Өгей немересін «біреуге айтатын болсаң, шешең екеуіңді оңдырмаймын» деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырған, деп жазды Azattyq Ruhy.

«13 сәуірде ер адам кішкентай қызбен пәтерде оңаша қалған. Сол кезде жалаңаштанып шешініп тастаған оны  қыз бала суретке түсіріп үлгірген. Кешкісін анасы жұмыстан келген суретті көрсеткен. Анасы дереу полицияға хабарласқан. Қазір ҚК 121 - бабы 4 – тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған желідегі хабарламада.

57 жастағы ер адам қыздың әжесімен 15 жылдан бері тұрады.

Еске салайық, жаңадан өзгеріс енгізілген әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес, педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0