Қостанайда бес баласы тірідей өртеніп кеткен анаға сот үкімі шықты
Қостанай облысынд бес баласы өртеніп кеткен анаға сот үкімі шықты.
Іс материалдарына қарағанда, сотталушы әйел балаларын үйде қараусыз қалдырып, үлкен ұлына "үйдің іші суық болса, пешке от сал" деп айтып кеткен.
"Ұл бала пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыс жаққан, сондай-ақ белгісіз сұйықтығы бар пластик бөтелкені отқа салған. Салдарынан пештегі от лапылдап жанып, өртке айналған. Өрт салдарынан бес бала қаза болды" деп жазылған сот хабарламасында.
Соттың хабарлауынша, сотталушы кінәсін мойындап, өзін түрмеге жібермеуді өтінген.
Прокурор сотталушыға 5 жылға шартты түрде бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған. Әйелдің алтыншы баласы аман қалған. Жәбірленушінің өкілі (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) осыны алға тартып, сотталушыны бостандығынан айырмауды, басқа жаза тағайындауды сұраған.
Сот әйелді 5 жылға бостандығынан айырды, кішкентай баласы болуына байланысты жазаны өтеу кейінге шегерілді.
Еске салайық, Қостанай облысында 5 бала өртеніп кеткен еді. Балалардың анасы перзенттерін қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан.
Ұлы пешке отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағып, пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештегі от қатты жылдамдықпен жанып, үйдің іші өртене бастайды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?