Қожамжаров пен туыстарының мүлкіне сотпен тыйым қойылды
Банкінің талап-арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Besmedia-ға сілтеме жасап.
Алматыда сот «Халық банктің» бұрынғы қаржы полициясы басшысы әрі экс-бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрт компаниясы мен екі туысына қатысты берешекті өндіріп алу жөніндегі талап-арызын өндіріске қабылдап, олардың мүліктеріне тыйым қойды. Әңгіме «Oil Snab» компаниялар тобы» ЖШС, «HILL Resources» ЖШС, «HILL Invest» ЖШС, «AvtoTehMas Ltd» ЖШС, сондай-ақ Дулат Пернешевич Қожамжаров пен Гүлназ Сагатбекқызы Қожамжарова туралы болып отыр.
Сот құжатында, шешімнің резолютивтік бөлігінде арест қоюға жататын мүлікті және талап қойылған сомаларды жазуда қате кеткені жазылған.
«Анықтамада дұрыс деп саналсын: талап қою сомасы – 2 550 635 252,63 теңге және мемлекеттік баж ретінде төленген 76 524 956 теңге, жалпы 2 627 160 208,63 (екі миллиард алты жүз жиырма жеті миллион жүз алпыс мың екі жүз сегіз) теңге көлемінде жауапкерлер – «Oil Snab» компаниялар тобы» ЖШС, «HILL Resources» ЖШС, «HILL Invest» ЖШС, «AvtoTehMas Ltd» ЖШС, Дулат Пернешұлы Қожамжаров пен Гүлназ Сағатбекқызы Қожамжарованың барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салу», – делінген сот анықтамасында.
Дулат Қожамжаров деген кім?
Дулат Қожамжаров – бұрынғы қаржы полициясы басшысы және экс-Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың туған інісі. Қайрат Қожамжаровқа лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру күдігі келтіріліп отыр.
Forbes дерегінше, Дулат Қожамжаров былтыр Қазақстанның ең бай бизнесмендері қатарына кірген. Ол – Шымкенттегі өндірістік кешені бар, кең ауқымды майлау материалдарын шығаратын ірі өндіруші Hill Corporation компаниясының иесі.
Биыл наурызда Дулат Қожамжаров заңсыз активтерді қайтару тізіліміне енгізілгені белгілі болды.
2024 жылғы 30 қыркүйек пен 2023 жылғы 31 желтоқсанға арналған деректерге сәйкес, Hill Corporation компаниясының «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен 2026 жылға дейінгі мерзімге жасалған екі кредиттік келісімі болған.
Кредиттік келісімдер шеңберінде компания айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 6–13% мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бойынша қарыз алады.
Компания 2015 жылдан бері өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған Үкімет пен Ұлттық банктің бағдарламаларына қатысып келеді. Бұл бағдарламалар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаражаты арқылы «Халық банк» арқылы іске асырылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0