ҚТЖ-ға жаңа төраға тағайындалды

Шілде 20, 2026 - 12:06
 0  23
ҚТЖ-ға жаңа төраға тағайындалды
Фото: t.me/samrukkazynaofficial

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады Sadaq.kz.

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0