«Күтіп отыруға қорқып жатырмыз»: Жазира Байырбекова қауіпсіз елге кететіндерін мәлімдеді
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында әуежайда отырғанын айтып, қауіпсіз елге кететіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Әншінің айтуынша, олар Түркия мемлекетіне билет алған.
«Біз Маскат қаласының әуежайындамыз. Әуежайға келіп тұрғандардың бәрі: "Билет бар ма?" – дейді. Қайда десең, "қайда болса да бәрібір" деп жауап береді. Біз де қайда болса да деп тыныш мемлекетке ұшайын деп тұрмыз. Қазір Алла қаласа, Түркияға, Стамбул қаласына билет алдық. Әрі қарай көре жатармыз. "Елден келетін эвакуациялық ұшаққа неге мінбедіңіздер?" деген сұраққа айтар жауабым: ол жерде баламен болсаңыз, 5 жасқа дейінгі бала болуы керек. Біздің Дара 6-ға толған. Сол үшін заңдар бойынша бізді алып кетпейтін сияқты. Күтіп отыруға қорқып жатырмыз. Сол үшін Стамбул арқылы көреміз. Сәттілік тілеп жатқандарыңызға рақмет!»,– деді өнер иесі.
«Ұша алмай жүрген халық өте көп. Халықтан үлкен емеспіз. Ниеттеріңізге рақмет», — деп жазды ол бейнежазбаның астына.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0