«Күйеуімнің арқасында Жаратушыға жақын бола түстім»: Айжан Байзақова орамал тағып, мешітке барды

Отандық блогер әрі актриса Айжан Байзақова Нұрбек есімді күйеуімен бірге мешітке барған сәтінен видео жариялап, жан жарының арқасында Жаратушыға жақын бола түскенін айтты.
Блогер желі парақшасында шынайы махаббат туралы сөз қозғады.
"Алланың рақымына апаратын махаббат – нағыз шынайы махаббат. Тақуалыққа жақын ететін жандарды жақсы көріңіз. Айтпақшы, мені Жаратушыға жақын ете түскен – Нұрбек", – деп жазды блогер.
Видеоны көрген желі қолданушылары блогерге мақтауларын жаудырды.
"Нағыз ердің жанында кез келген әйел құлпыра түседі", "Жолдасыңызды жолықтырып, жолыңыз болды, нағыз ер азамат, бақытты болыңыздар", "Ол өзгеріп, нағыз маһаббат пен қамқорлыққа лайық әйелге айналды", "Сізге орамал сондай жарасады", "Енді Меккеге барыңдар, құлшылық жасаңдар", - деп жазды пікір қалдырушылар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






