«Құйрық-бауыр асату әзіреті Әли кезінен сақталған салт» - журналист Әлия Әшім

"Абай мен Ділдә неткен" деп жұрттың сынына ұшыраған журналист Әлия Әшім кезекті "дүниесін" айтып, сынға ұшырады, деп жазады Democrat.kz.
"Қазіргілердің ойлап тапқан дүниесі ме деп ойласам, құйрық-бауыр асату әзіреті Әли кезінен сақталған салт екен. Әзірет Әли келін түсіргенде, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, құдаларға малдың етіне бата жасатып, кәделі жілігін түгел асатып, балбырап пісірілілген қойдың құйрығының үстіне бауыр турап араластырып, айран қосып, құдалардың алдына тосады. Ұн жағады беттеріне. "Құда болдық, құйрық-бауыр секілді жақын болайық" деп әзіреті Әли құдалығын дәл осылай кәдемен бекіткен көрінеді. Сол сәттен бастап, бұл салт халық арасына кең тарап, құдалармен құйрық-бауыр жеу деп аталады" дейді Әлия Әшім.
Сіздің реакцияңыз қандай?






