Lamborghini, Mercedes, асыл тұқымды жылқылар: депутат бюджет қажысын жымқырды деген күдікке ілінді

Күршім ауданы мәслихатының депутаты дейді.

Қазан 20, 2025 - 10:16
Lamborghini, Mercedes, асыл тұқымды жылқылар: депутат бюджет қажысын жымқырды деген күдікке ілінді

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті QazConstructions ЖШС басшылығына қатысты Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Күдіктілердің қатарында QazConstructions ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар.

"Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын. Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан аса адам тұратын жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген. Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Олар байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes көліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған.

"Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow