ЛГБТ туралы заң күн тәртібінен жоғалып кетті: Сенат түсініктеме берді
Сенаттың баспасөз қызметі күн тәртібінен ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңның жоғалып кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Қазақстан Республикасының «Мұрағат ісі және заңға қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қаралуы кейінгі мерзімдерге ауыстырылды», – делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Сенатта атап өтілгендей, себеп жекелеген нормаларды қосымша пысықтау қажеттілігімен байланысты.
«Айта кететін маңызды жайт, бұл Заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сондықтан бұл – ауқымды жұмыс және қосымша уақытты талап етеді. Сонымен қатар, заң балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді де реттейді, ал бұл әрқашан ерекше тәсілді және жоғары ұқыптылықты талап ететін тақырып», – деді баспасөз қызметі.
Бұған дейін БАҚ сенат отырысының күн тәртібінен «Мұрағат ісі және заңға қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» резонанстық заң жобасы алынып тасталғанына назар аударған еді. Бұл заң жобасына Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салу нормалары енгізілген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0