Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ ректоры ұсталды
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл ақпаратты ғылым және жоғары білім министрлігі растады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары оқу орны ректорының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ оның жұмыс кабинетінде және тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілгені айтылды.
Оқиғаға қатысты түсініктеме берген ғылым және жоғары білім министрлігі ректордың ұсталғанын растағанымен, оның себептері мен мән-жайы әзірге белгісіз екенін хабарлады.
«Министрлікке қазіргі уақытта ұсталу себептері және таралған ақпаратта көрсетілген мән-жайлар белгісіз. Тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Ресми сұрау түскен жағдайда министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті қолдау көрсетеді», – делінген ведомствоның ақпаратында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0