«Мамбеттер» елі: Қарағандыда қазақтарды кемсіткен қызға қатысты сот басталды

Қазан 14, 2025 - 15:47
«Мамбеттер» елі: Қарағандыда қазақтарды кемсіткен қызға қатысты сот басталды

арағанды қаласында әлеуметтік желіде елді ренжітетін мәлімдеме жасаған кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі басталды. Тыңдалым ашық форматта өтіп жатыр.

Айыпталушы мен қорғаушысы оның жүзін фото және бейнежазбаға түсірмеуді сұраған. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды.

Мемлекеттік айыптаушы процессті жабық өткізу туралы ұсыныс білдіргенімен, судья Арғын Құтышев бұл өтінішті қабылдаған жоқ.

Сот материалдарына сәйкес, Мұхамадиева — жүк жеткізу қызметі мен киім дүкенінің иесі. Биыл жазда ол Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбалары үшін қоғамның қатты сынына ұшыраған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, көз жасына ерік берді.

«Қоғам алдында, ренжіткен барлық адамның алдында ұялып тұрмын. Әсіресе, мұсылмандар мен қазақ халқының алдында. Ешкімді ренжіткім келмеген едім, бірақ сөздің ауыр салдарын түсіндім», — деді ол.

Мұхамадиеваның айтуынша, жазба эмоциялық күйзеліс кезінде, әжесі қайтыс болған соң және ұйқысыздық әсерінен жазылған.

«Қамауда отырғаныма 86 күн болды. Күн сайын қызымды ойлаймын. Әкесі оның түнде “Анам қайда?” деп сұрайтынын айтты. Бұл мені қатты қинайды», — деді ол.

Адвокат Тимур Солодуха істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрады. Оның айтуынша, істі жеңілдететін мән-жайлар бар, ал ауырлататындары жоқ.

«Максималды жаза — төрт жарым жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 12 миллион теңге айыппұл. Айыпталушы айыппұл төлеуге дайын. Ең бастысы — бостандықтан айырылмау», — деді қорғаушы.

Айыпталушы қоғамда үлкен резонанс туғызған жазба үшін шын өкінетінін айтты және бұл жағдай оның өмірін түбегейлі өзгерткенін мойындады.

«Барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарымды жойдым. Енді жек көрушіліктің бір бөлігі болғым келмейді. Сөйлер алдында ойланудың маңызын түсіндім», — деді Мұхамадиева.

Келесі сот отырысы 18 қазанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow