Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтаған ер адам ұсталды

Маусым 4, 2026 - 12:52
 0  9
Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтаған ер адам ұсталды
Фото: Маңғыстау ПД

Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырықты заңсыз сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы аумағында жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен, сондай-ақ олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0