Маңғыстауда 200-ге жуық адам қар құрсауында қалды

Ақпан 27, 2025 - 15:35
Маңғыстауда 200-ге жуық адам қар құрсауында қалды

Маңғыстау облысында 200 адам қар құрсауында қалды.

Төтеншеліктердің айтуынша, бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында жетпістен астам көлік тұрып қалған. 

Ққұтқарушылар  71 көлікті сүйреп шығарды. Қарға омалған көліктерде 198 адам болған.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Синоптиктер 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы тұрақсыз болатынын айтып ескерту жасады. 

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғуы мүмкін. 

Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow