Маңғыстауда адамды пойыз қағып кетті

Наурыз 3, 2025 - 15:40
 0  46
Маңғыстауда адамды пойыз қағып кетті
@cenzura_aktau

Маңғыстау облысында пойыз адам қағып кетті. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының "Опорная" станциясында биыл 28 ақпанда темір жол құрамының қозғалысы басталған сәтте адамды пойыз қағып кетті. Пойыз қаққан адам аман бірақ қатты жарақат алған. 

Бұл факт бойынша адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан темір жол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші одан әрі медициналық мекемеге жеткізілді.

Ведомство өкілдері өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтты. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0