Маңғыстауда бір үйдің 7 адамы газдан уланып қайтыс болды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында бір отбасының жеті адамы көз жұмды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олар газдан уланған.
Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дереу жеткенімен адамдарды ажал аузынан аман алып қала алмаған.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы жағдай газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан болуы мүмкін.
Арнайы комиссия төтенше оқиғаның себебін анықтап жатыр. Комиссияны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесеміз. Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында, – делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






