Маргарита Симоньянның күйеуі комада жатыр
Facebook желісінің қолданушысы Никита Небылицкий Тигран Кеосаянның ауыр халде жатқанын жазды, - деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның желідегі жазбасына сүйенсек, 27 желтоқсан күні ауруханаға түскен Тигран Кеосаянның әлі беті бері қарамаған.
"Сіздерге жаңалығым бар. Мәскеудегі байланыстарымның бірі, жоғары лауазымды танысым, маған 27 желтоқсанда Тигран Кеосаянның терең кома жағдайында ауруханаға жеткізілгенін айтты. Содан бері ол сол жерде еш өзгеріссіз жатыр. Оған екі рет діни қызметкерлерді шақырған. Біріншісінде православиелік, екіншісінде армян-григориандық. Команың себебі бізге белгісіз. Мүмкін, үшінші инфаркт шығар, өйткені оның алдында екі рет инфаркт болған, мүмкін басқа бір ауру, немесе Буданов жолдастың әрекеттері шығар. Белгісіз. Бірақ оның медикаментозды комаға енгізілмегені, өздігінен комаға түсіп, ауруханаға жеткізілгені анық", - деді ол.
Айта кетейік, режиссер Тигран Кеосаян 2012 жылы журналист Маргарита Симоньянмен көңіл жарастырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?