«Маркетинговый ход»: Журналист Турсен Алагөзовке қатысты құпияның бетін ашты

Халық Алагөзовтер әулетінің бүкіл күнәсін кешіруге дайын сияқты.

Маусым 3, 2025 - 10:50
Маусым 3, 2025 - 10:51
«Маркетинговый ход»: Журналист Турсен Алагөзовке қатысты құпияның бетін ашты
Sputnik Казахстан
Таза Турсентанушы болдым. Жұмысшыларына 100 пәтер сыйлаған Турсен Алагөзов жездемнің жақсылығы мұнымен бітпейді екен. Ол Galanz bottlers компаниясының жүз жұмысшысына жыл сайын шетелге демалуға тегін жолдама береді екен. Қонақүй, ішіп-жем, яхтамен қыдыру, қаланы саяхаттау түгел соның ішінде дейді. Сондай-ақ жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында қызметкерлерінің барлық балаларына мектепке қажетті керек-жарақ таратады дейді.
Бұл мәліметтерді аспаннан алғам жоқ. Сол жерде жұмыс істейтіндер жекеме жазып жіберіпті. Енді мына қызықты қараңыз. Бұрын Турсен Алагөзов Maxi чайдан ай сайын орташа 150 млн теңге пайда тапқан екен. Қазір бұл көрсеткіш бірден үш есе артып, 450 млн теңгеге жетіпті-мыс. Бұрын заувттан күніне үш фура сусын шықса, қазір 9-10 фура тиеліп, жан-жаққа жөнелтіліп жатыр дейді. Бір қазақ үй алсын деп макси чай ішетін болдым деген видеолар тик-токта өріп жүр.
Маркетинговый ход жақсы жасалды. Турсеннің саудасы қыза түскен сыңайлы. Бұл кейс басқа да байларға сабақ болуы тиіс. Жақсылық жасасаң және оның жарнамасы жер жарса, бизнесің өрге домалап, атағың аспандап, ақшаң да көбейеді екен.
P.S. Осы оқиғадан кейін Қаскелеңдегі қолдан арақ құятын жасырын цех қожайындары 200 пәтер сыйлап, бәріміз “самопал” ішіп кетпейік)) Кстати, 100 пәтердің шапағаты Баянға да тиген сияқты. Турсенді тым жақсы көріп кеткен халық, “Баян енді сәлем салмай-ақ қойса да болады” деп жазып жатыр. Алагөзовтар әулетінің бүкіл күнәсін кешіруге дайын сияқты.
Журналист Диас Нұрақынның facebook парақшасынан 
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow