«Мыртық»: Павлодарда әкімнің баласынан «таяқ жеген» қыздың анасына айыппұл салынды
Оқиға салдарынан мектеп оқушысы - қыз баланың мұрны сынып, ауруханаға түскен.
Павлодарда аудан әкімінің баласынан таяқ жеген қыздың анасына айыппұл салынды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
KYN.KZ мәліметінше, ауданаралық сот бала тәрбиесінде "ата-аналық міндетін орындамағаны үшін" деп соққыға жығылған қыздың анасына 51 688 теңге айыппұл салған.
Сот үкімінен белгілі болғандай, сол күні 6-сынып оқушысы қыз баланы физика сабағына бара жатқанда жетінші сынып оқушысы мен оның досы дәлізде күтіп алған. Бойжеткен оның сырт пішіні, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, жолын бөгеген. Сонымен қатар қыз бала оның сол мектептің төменгі сыныптарының бірінде оқитын әпкесін «мыртық» деп мазақатаған.
Еске сала кетейік, Павлодарда 2024 жылдың қаңтар айының бірінші жартысында әкімнің баласы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. Білім вице-министрі Еділ Оспан бұл деректі растаған. Оқиға салдарынан мектеп оқушысы - қыз баланың мұрны сынып, ауруханаға түскен.
Сіздің реакцияңыз қандай?