Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындалатын болды

Сәуір 20, 2026 - 17:22
 0  88
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындалатын болды

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жиені Қайырхан Балғабеков атасының соңғы аманаты орындалатынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазақтың біртуар ұлы өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды.

«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», – деп жазды жиені.

Еске сала кетейік, ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған өтініш хатында Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты – оны ата-бабаларының киелі мекені Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеу екенін айтқан болатын. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0