Мұратхан Тоқмәдидің мерзімі қысқармайтын болды
Мұратхан Тоқмәдидің мерзімі қысқармайтын болды. Қонаев қалалық соты Банкир Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтірді деген айыппен жазасын өтеп жатқан Мұхтархан Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқарту туралы арызын қараудан бас тартты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Мұратхан Тоқмәдидің жаза мерзімімін қайта қарауды сұрап, сотқа қайта жүгінгені туралы ақпарат тараған еді. Бұл туралы адвокат Анна Чернова әлеуметтік желі арқылы хабарлаған. Айтуынша, процесс Қонаев қаласында 16 қаңтарда белгіленген. Өтініші қаралуы тиіс сотқа Мұратхан Тоқмәдидің қатысудан бас тартып, жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қарауды кейінгеқалдыруды сұраған. Сол себепті сот Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды.
Өткен жылы Қонаев соты Мұқтархан Тоқмәдиді мерзімімен бұрын бостандыққа шығару туралы шешім шығарған болатын. Алайда жәбірленуші тараптың туыстары Қонаев сотының бұл шешіміне аппелляциялық шағым түсіргені белгілі. Алматы облыстық сотында бұл шешімге қарсы жәбірленуші тараптың аппелляциялық шағымы қаралып, Алматы облыстық соты сотталушының «түзелгеніне күдік келтіріп», Қонаев соты шешімінің күшін жойды.
Адвокат Анна Чернованың айтуынша, Тоқмәди онсыз да жеңіл жаза алып отыр. Яғни оның жазасын қысқарту туралы өтініш түсіруі де ақылға сыймайтын әрекет дейді заңгер.
«Әрине, Мұратхан Тоқмәдидің өзін қорғауға құқығы бар. Бірақ ол онсыз да тапсырыспен кісі өлтіру бабы бойынша небары 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алып отыр. Ең жеңіл жаза кесілген. Кейіннен бұл мерзім де қысқартылып қалды. Енді қайда қысқартпақ!? Біздің ойымызша, қасақана кісі өлтіру туралы істе жеңіл үкім мүлде болмауы тиіс», – дейді Анна Чернова.
2004 жылы 19 желтоқсанда сол кездегі «ТұранӘлем» банкінің 38 жастағы төрағасы Ержан Тәтішев аңшылықта жүрген жерінде кісі қолынан қайтыс болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?