«Мүшесін көрсеткен»: Ақтауда жігіт лифтте екі жасөспірім қызға шабуыл жасады

Қазан 24, 2024 - 14:48
«Мүшесін көрсеткен»: Ақтауда жігіт лифтте екі жасөспірім қызға шабуыл жасады
Фото: pexels.com

Ақтауда 17 жастағы жігіт үйлердің біріндегі лифтке кірген екі қызға шабуыл жасаған. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлайды.

"Немолчи" қорының ақпаратына сәйкес, 11 қазан күні тұрғын үйдің кіре берісінде болған жағдай туралы қыздардың анасы айтып берді.

“13 жастағы үлкен қыз ерекше түсті арқаға ілетін сөмкесі бар жігітті бірден байқаған. Оны бұрын-соңды көрмеген де. Ол подъезге қыздардан бірінші кіріп кетіп, оларды үйге кіре беріс жерде күтіп тұрған. Қыздар лифтке кірген соң, ол да соңынан кірген. Жеделсатының ішінде қыздарға мүшесін көрсетіп, оларға қол жүгірте бастаған”, – делінген жазбада.

Жасөспірім мұны көріп қорыққаннан бір орында тұрып, сөйлей алмаған. 5 жастағы сіңлісінің шошыған жүзін көргенде ғана “қаш” деп айғайлаған. Сөйтіп олар сыртқа қашып шығып, болған жағдайды анасына хабарласып, айтып берген.

Әйел екі қызын алып учаскелік полицияға барған. Сол күні болған жағдай бейнекамераға жазылған екен. 12 қазан күні жігіт өзінің сол жерде болғанын мойындағанымен, мұндай әрекетке бармағанын айтты. Қыздардың анасы полицияға шағым түсірді. 

Оның айтуынша, әйел күдіктіні 16 қазан күні көрген. Сондай-ақ жігітің жақындары зәбір көрген қыздардың анасына келіп, шағымын қайтарып алуын сұраған. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаны растады.

“Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз”, – деп мәлімдеді облыстық полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow