Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, белгілі боксшы Назым Қызайбай BoxRec порталының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әлемдік рейтингте (P4P) үздік ондықтың қатарына кірді, деп хабарлайды sadaq.kz. kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы 7-орынға тұрақтап, ТОП-10 тізіміндегі Қазақстаннан енген жалғыз спортшы атанды.
BoxRec нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы ТОП-10 рейтинг:
- У Ю (Қытай)
- Келли Харрингтон (Ирландия)
- Пан Чхоль Ми (КХДР)
- Таммара Тибо (Канада)
- Бусе Чакыроглу (Түркия)
- Нуне Асатрян (Ресей)
- Назым Қызайбай (Қазақстан)
- Ифе Мари О’Рурк (Ирландия)
- Анастасия Шамонова (Ресей)
- Ниту Гангас (Үндістан)
Қызайбайдан бөлек, әлемдегі ең мықты 50 әуесқой боксшының тізіміне тағы төрт қазақстандық спортшы енді:
- Алуа Балқыбекова – 11-орын
- Аида Әбікеева – 20-орын
- Виктория Графеева – 22-орын
- Наталья Богданова – 35-орын
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0