Нығматулинге іздеу жарияланды

Наурыз 3, 2025 - 17:36
Наурыз 3, 2025 - 18:07
Нығматулинге іздеу жарияланды
Фото: ғаламтордан

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.

«Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы -  прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow