«Ол жақтағы сұмдықты сөзбен жеткізу мүмкін емес»: Садраддиннің концертінде 15 адам талып қалды

Жастар бір-бірін таптап өткен.

Наурыз 11, 2025 - 11:10
Наурыз 11, 2025 - 11:47
«Ол жақтағы сұмдықты сөзбен жеткізу мүмкін емес»: Садраддиннің концертінде 15 адам талып қалды
Шымкентте танымал әнші Садраддиннің концертіне жиналған жастар бірін-бірі таптап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
 
Әншінің концерті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған.
 
Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушыларының бірі концерт өткен алаңдағы оқиғаның видеосын жариялады.
“8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды. Бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей. 10-15 шақты адам талып қалды. 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Толқын сияқты адамдар тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де адам толы болды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин үш ән айтты да, кетіп қалды. Тіпті, көрермен концертті бастан-аяқ көре алған жоқ. Ол жақтағы сұмдықта сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Тегін болғасын бүкіл халық барған”, – деп жазды желі қолданушысы. 
Өнер иесі өзі де халықты сабырға шақырып, тәртіп сақтау керегін ескерткен.    
“Сіздерден өтініш, кішкене әрі тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр”, – деді әнші. 
@kosmdiana #шымкентситимолл #шымкент #садрадин❤️‍???? ♬ оригинальный звук - .

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow