Олаф Шольц Германияда төтенше жағдай енгізуге шақырды
![Олаф Шольц Германияда төтенше жағдай енгізуге шақырды](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67b020ba200af.jpg)
Германия канцлері Олаф Шольц АҚШ-тың Украинаға қатысты соңғы мәлімдемелерінен соң бундестагты елде төтенше жағдай енгізуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Канцлердің сөзінше, Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуі Еуропадан жылдам әрі батыл шешімді талап етеді.
"Бундестаг Украинадағы соғыстың Германия мен Еуропаның қауіпсіздігіне тигізер салдарына байланысты төтенше жағдай жариялау мүмкіндігін қарастыруы тиіс", - деді Олаф Шольц.
Саясаткер Германия Украинаға қолдау көрсететінін, алайда мемлекеттің басқа қызметтері қаржылай зардап шекпейтінін жеткізді.
"Бүгін біз АҚШ әкімшілігінің әрекеттері мен мәлімдемелерінің Украинаға, Еуропа және барлық әлемге не әкелетінін түсінуіміз қажет. Әрекетсіздік еліміздің және континентіміздің қауіпсіздігіне қауіп-қатер әкелуі мүмкін. Мен оған жол бермеймін", - деп жазды Шольц X әлеуметтік желісінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)