Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Наурыз 10, 2026 - 10:14
chat_bubble  0 visibility  1
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды
Фото: ҰОК

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2026 жылғы ISU мәнерлеп сырғанау жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.

«Үздік костюм» номинациясына қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ұсынылды. Ол сахналық образымен және бағдарламалық костюмдеріндегі детальдарға ерекше мән беруімен ерекшеленіп отыр. 

Марапаттау рәсімі 29 наурызда Прагада өтеді және Skating ISU YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермендер 4 номинация бойынша («Үздік костюм», «Ең әсерлі бағдарлама», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы») дауыс бере алады. Әр номинацияға бір дауыс беру мүмкіндігі бар.

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2020 жылдан бері жыл сайын мәнерлеп сырғанау саласындағы айрықша жетістіктерге ерекше назар аударып келеді. Аталған іс-шара спортшылардың, жаттықтырушылардың, хореографтардың және костюм дизайнерлерінің еңбегін ескерусіз қалдырмау мақсатында ұйымдастырылып жүр.

Алғашқы салтанатты шара пандемияға байланысты онлайн форматта өтті және оны Олимпиада мен әлем чемпиондары Танит пен Чарли Уайт жүргізді. Марапат иелері қатарында Курт Браунинг, Тара Липински, Джонни Уэйр және тележүргізуші Эльма Смит сияқты мәнерлеп сырғанау шеберлері болды. 

Михаил Шайдоров «Үздік костюм» номинациясында ISU сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанып отыр.

Бұл сыйлық мәнерлеп сырғанау саласындағы ең беделді марапаттардың бірі саналады және спорттық нәтижелер мен көркемдік шеберлікті біріктіреді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0