«Орамалыңызды шешіп келесіз бе?»: Хиджабтағы Сара Тоқтамысова теледидарға шығу қиын екенін айтты

Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау.

Шілде 19, 2024 - 17:10
 0  263
«Орамалыңызды шешіп келесіз бе?»: Хиджабтағы Сара Тоқтамысова теледидарға шығу қиын екенін айтты
Фото: instagram.com/sarkanai

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққалы қандай қиындыққа тап болғанын жасырмады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген. 

“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Еске салайық, айтыс майталманы орамал тағатын сіңлілеріне үндеу жасап, тәртіпке шақырған еді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 2
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0