Отардағы әскери бөлімде сарбазды комаға түсірген сержант үш жылға сотталды

Сәуір 19, 2025 - 09:34
Отардағы әскери бөлімде сарбазды комаға түсірген сержант үш жылға сотталды
Фото: видеодан скрин

2024 жылдың маусымында Отардағы әскери бөлімде комаға түскен қостанайлық сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаны соққыға жығып, комаға түсірген рота командирінің ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Прокурор Дінмұхамед Спатай соттан Дастан Тұрланды бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алматы гарнизонының әскери соты шешімімен Дастан Тұрлан үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Әскери сот Дастан Тұрланды кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Тұрлан бір ай ішінде жәбірленушінің отбасына 2 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс. Бірақ, "кіші сержант" әскери шенінен айырылмады.

Сот үкімімен Дастан Тұрлан сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсіргені үшін айыпты деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейін, жәбірленуші тарап бапты 451-баптың 2-бөлігіне (Ауыр зардаптарға әкелген билікті асыра пайдалану) ауыстыруды талап етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow