Өзбекстан Қазақстаннан 500 бас киік алғысы келеді

Көршілес елдің Экология министрлігі Қазақстандағы киіктердің бір бөлігін Өзбекстанға көшіру туралы бастама көтеріп отыр. Әзірге бұл ұсыныс құжат жүзінде бекітілген жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанның Экология министрлігімен бірлесіп, біз 500 киік лағын Өзбекстан аумағына көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандарымыз олардың жергілікті ортаға бейімделуін зерттейтін болады. Бұл сирек кездесетін жануар түрін сақтап қалудағы маңызды қадам болмақ", - деді Өзбекстанның Экология министрі Азиз Абдухакимов.
Қос тарап келіссөз жүргізіп жатқаны айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






