«Өзі кетіп қалды»: Жігер Ауыпбаев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Шілде 22, 2026 - 12:47
app_badging Шілде 22, 2026 - 13:02
chat_bubble  0 visibility  48
«Өзі кетіп қалды»: Жігер Ауыпбаев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал Жігер Ауыпбаев  бірінші жұбайымен ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

Өнер иесінің сөзінше, отбасын сақтап қалуға бірнеше мәрте әрекет жасаған. Тіпті балаларын анасымен бірге қайтадан бір үйге көшіріп әкелгенімен, арадағы түсініспеушіліктердің кесірінен бірге өмір сүру мүмкін болмағанын жеткізді.

«Бір түнде балаларым мен әйелімді үйге көшіріп алып келдім. Балаларым анасы мен әкесінің ортасында жүріп мәз. Солай іссапарға кетіп қалдым. Содан бір аптадан кейін ол кісі кетіп қалды. Мен 3,5 жыл жүріп жалғыз өмірге үйреніп қалғам. Үйге барғым келмейді. Үйде отырсам депрессияға кіріп кетемін. Солай сапарда көп жүрдім. Оның барлығы асып-тасқаннан емес, ол уайымды шығару болды. Кейін кетіп қалып, мен үйде тамақ жасап күтемін, сіз келмейсіз деді. Оның айтуы да дұрыс, мен концерттерден үлгермеймін. Үш жылдай екеуміз екі жақта тұрдық. Балаларым толыққанды отбасыда өссін, сезімді ысыра тұрайық дедік. Уақыт өте келе бәрі орнына келер, төрт бала жәутеңдеп жүрмесін дедім. Артынша “сіз мені жақсы көрмейсіз” деген әңгімелер шықты. Ал мен оған басынан ашып айтқам. Бір-бірімізді көрсек, атылғымыз кеп тұратын. Мінезі өзгеріп кетеді. Артынан сиқыр болғаны белгілі болды. Төсегімнен ине, себілген тұз секілділер таптым. Келіншегімнің қызғаншақтығы болды. Біздің отбасымыздың бақытын көре алмағандар дегеніне жетті. Кімнің сиқыр жасағанын білмедім», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0