Парашюты ашылмай қалған: Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты көз жұмды

Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты көз жұмды.
Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 шілде күні болған.
«Жоспарлы оқу-жаттығу парашютпен секіру кезінде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанты өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің парашюты секіру кезінде ашылмай қалған, бұл қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомстводан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза болған курсанттың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






