Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Қаңтар 21, 2025 - 14:17
Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Павлодар-Қызылорда автожолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Апат нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«20 қаңтарда «Павлодар-Қызылорда» автожолының 1233 шақырымында Hyundai Accent мен Камаз көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде Hyundai Accent жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жылдамдықты сақтауды ескертіп, көлік құралын мұқият басқаруды, әсіресе адамдар көп жүретін жерлерде және көлік көп жүретін аймақтарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow