Павлодар тұрғыны сұлулық салонына барып, терісін күйдіріп алды

Кейін процедураны салон қызметкері емес, бөгде әйел жасағаны анықталған.

Қазан 20, 2026 - 11:29
 0  6
Павлодар тұрғыны сұлулық салонына барып, терісін күйдіріп алды
Фото: pixabay

Павлодар тұрғыны сұлулық салонында лазерлік процедура кезінде терең термиялық күйік алып, зардап шекті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әйел 132 мың теңгеге косметологиялық қызметтер пакетін сатып алған. Алайда процедурадан кейін терісі зақымданып, медициналық көмекке жүгінген. Кейін процедураны салон қызметкері емес, бөгде әйел жасағаны анықталған.

Клиенттің шағымынан кейін тараптар келісімге келіп, оған пайдаланылмаған қызметтер үшін 127 мың теңге қайтарылды.

Департамент тұрғындарға косметологиялық қызметтерді таңдағанда сақ болуды, жарнамаға бірден сенбей, қызмет көрсету шарттарын алдын ала мұқият зерделеуді ескертті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0