Павлодарда анасы мен баласы үйінде өлі табылды

Қазан 17, 2025 - 10:00
 0  21
Павлодарда анасы мен баласы үйінде өлі табылды
Фото: Kazinform

Қылмыс қазан айының басында көпқабатты тұрғын үйде болған. Пәтерде өз-өзіне қол жұмсау туралы хат табылды.

Көршілердің айтуынша, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған. Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды. Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған. Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

— Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын, — дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0