Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мамыр 13, 2024 - 15:29
 0  116
Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады
Фото: Pixabay.com
Павлодардағы мектептердің бірінде төтенше жағдай болды – оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақпен шабуыл жасады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 13 мамырда белгілі болды.

"Полиция сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен павлодарлық мектеп оқушысын ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0