Павлодарда жұмысшы жүк көлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде қаза тапты
Павлодарда шиномонтаж қызметкері жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы жүк көлігіне дөңгелек орнатып жатқан кезде дөңгелек кенеттен жарылған. Салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Бұл ақпаратты Павлодар облысының полиция департаменті растады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барған. Дәрігерлер жұмысшының өмірге қауіпті жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтаған.
«Еңбекті қорғау талаптарын бұзу дерегі бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімдеді ведомство.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0