Павлодардағы пансионатта қарттарды азаптаған қылмыстық топ ұсталды

Дұрыстап тамақ бермеген, онымен қоймай ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

Қаңтар 14, 2025 - 10:44
Қаңтар 14, 2025 - 11:27
 0  52
Павлодардағы пансионатта қарттарды азаптаған қылмыстық топ ұсталды

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерге қысым көрсетіп, ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

Прокуратураның ақпаратынша, пансионат қызметкерлері 20 қартты ұрып-соғып тамақ бермей, пәтерлерін жалға беріп құқықтарын бұзған.

«Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0