Полиция Ақтөбедегі кепілге алу ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Қаңтар 14, 2025 - 09:44
Полиция Ақтөбедегі кепілге алу ісіне қатысты мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Бұған дейін Ақтөбеде қылмыскер кепілге алған екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Анықталғандай, күдікті екі қарт кісіні алдымен пышақтап, содан үйдің жер төлесіне қамап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы бірнеше минут бұрын Ақтөбе қаласының полициясы хабарлады. ​

«2024 жылдың 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жер үйде бір адамның кепілге түскені туралы хабар келді. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды Ақтөбе полициясы. ​

Арнайы операция кезінде күдікті ұсталып, кепілдегі әйел босаған.

«Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақатын алған егде жастағы екі адам табылды, олар қыздың ата-анасы. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты», - деп хабарлайды полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow