Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Қыркүйек 8, 2026 - 20:27
chat_bubble  0 visibility  1
Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымымен еліміздегі кеден заңнамасын жетілдіру және кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға қатысты ынтымақтастық маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  

Президент Қазақстан Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтуға және жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға көп күш-жігер жұмсап жатқанын айтты. Сондай-ақ "ақылды шекара" моделін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылатынын жеткізді.

Иэн Сондерс Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас қарқынына жоғары баға беріп, еліміз кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруде, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде және тиісті органдардың институционалдық құзыретін нығайтуда елеулі табысқа жеткеніне тоқталды.

Президент пен Ұйым жетекшісі 30 жылдан аса уақыт бойы табысты ілгерілеп келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Бұдан бөлек, әлемдік саудадағы сын-қатерлер мен үдерістер жайында пікір алмасып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Орталық Азия өңірінің көлік-логистика әлеуетін арттыру перспективасына айрықша назар аударды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0