Прокуратура Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан миллиардтық активті қайтарды

Маусым 5, 2026 - 11:14
chat_bubble  0 visibility  1
Прокуратура Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан миллиардтық активті қайтарды
Фото: Халық үні

Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі мен оған тиесілі мүлікті мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 2015 жылы серіктестік құрамындағы жылжымайтын мүлік заңсыз түрде иеліктен шығарылып, кейін жеке заңды тұлғаның меншігіне өткен. Сөз Алматының Әуезов ауданында орналасқан, жер телімінің жалпы ауданы 2 108,3 шаршы метрді құрайтын ғимарат туралы болып отыр.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру туралы шарт пен кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берген.

Нәтижесінде кассациялық сот прокуратураның талаптарын толық қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес, нарықтық құны 1,3 миллиард теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылатын болды.

Прокуратураның хабарлауынша, мемлекетке қайтарылған мүлік бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігінде болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0