Рахат Тұрлыханов жазадан құтылып кетті

Сәуір 22, 2026 - 14:44
 0  15
Рахат Тұрлыханов жазадан құтылып кетті
Фото: Ақорда

Отбасылық жанжалдан кейін полицияға жеткізілген әнші Рахат Тұрлыханов жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделенді. Арызданушы өз талап-шағымынан бас тартып, істі қарауға одан әрі қатысудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды", - деп жазылған Алматы қаласының полиция департаменті.

Биыл наурызда Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді.

Әншінің әйелі өзіне күш қолданғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген. 

Тұрлыхановқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0